Астана тұрғыны Kcell компаниясына 335 мыңнан астам теңге төлейтін болды

951

Астана тұрғыны Kcell компаниясына 335 мыңнан астам теңге төлейтін болды

Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық соты Kcell ұялы байланыс операторының іс-әрекетін заңды деп тапты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  "ҚазАқпарат" ХАА.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылы жылы елорда тұрғыны Дубайда (БАӘ) болған. Шетелге шықпас бұрын ол телефонына 4 750 теңге бірлік салған. Аталған жерге жеткен соң "Кселл" АҚ ұялы байланыс операторынан ETISALAT роуминг-серіктестігін қосу туралы ұсыныс жазылған хабарлама келіп түскен. Алайда, ер кісі пайдаланылатын интернет мөлшері, роуминг тарифтерінің құны, ұялы телефондағы қосымшалардың автоматты жаңартылуын өшіру туралы "Кселл" АҚ-нан ескерту ала отырып, ғаламторды қолдана берген. Бірлігін тексерген уақытта ер кісі 335 117 теңге қарыз болғанын білді.

"Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық соты іс материалдарымен танысып, "Кселл" АҚ-ның қайта есептеу және 335 117 теңге көлеміндегі қарызды қайтару туралы міндеттеу талаптарын қанағаттандыруды қабыл алмады. Астана қалалық апелляциялық сот алқасының үкімімен, алғашқы сот шешімі өзгерусіз қалды. Шешім заңды күшіне енді", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу