Астана тұрғыны көшеде жылап тұрған баланы жақын жердегі балабақшаға апарды

1870

Бала шын мәнінде сол балабақшаның тәрбиеленушісі болып шығады. 

Астана тұрғыны көшеде жылап тұрған баланы жақын жердегі балабақшаға апарды

Балабақша қызметкерлерінің немқұрайлығы салдарынан бала көшеге шығып кетті, деп хабарлайды elorda.info.

​Астана тұрғыны Сарыарқа даңғылында 15 және 17 үйлердің арасында жұқа киім киіп, жылап тұрған баланы байқап қалады. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісінде "Астана, мақтағым/шағымданғым келеді" тобында жазған.

"Оны көтеріп алып, күртешеме орап, бірден ауланың ішінде Intellectumbala балабақшасына бардым. Есікті аспазшы әйел ашты", - деп жазады ол.

Бала шын мәнінде сол балабақшаның тәрбиеленушісі болып шығады. Қызметкерлер баланың көшеге қалай шығып кеткенін байқамай қалған. Тәрбиешілер бір-бірін кінәлап, ата-анасының телефон нөмірін бермеген.

Осыған байланысты, Астана қаласының білім басқармасы баланы балабақшаға берер алдында мекеменің елордалық мектепке дейінгі ұйымдардың ресми тізімінде бар-жоғын анықтау қажеттігін ескертеді. Бұл ақпаратты Астана қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің сайтына өту арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу