Астана тұрғыны никотині бар вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан

301

Сатылған заңсыз өнімнің құны 18 млн теңгеден асқан.

Астана тұрғыны никотині бар вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан Фото: freepik

Астана тұрғыны вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен акцизделетін тауарларды ірі көлемде, атап айтқанда электрондық темекі шегу құрылғыларына (вейп) арналған сұйықтықтарды өндірумен, сақтаумен және өткізумен айналысқан адамның заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті. 

"Күдікті рұқсат беру құжаттарынсыз құрамында никотины бар сұйықтықты қолдан өндіретін цех ұйымдастырғаны анықталды. 

Дайын өнімді көтерме және бөлшек сауда түрінде елорда мен республиканың басқа қалаларының Вейпшоптарына сатқан", - деп жазылған хабарламада. 

Сатылған никотин бар сұйықтықтың (вейп) құны 18 млн теңгеден асқан. 

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 5000-ға жуық электронды темекі шегу құрылғыларына арналған сұйықтық құтысы (вейп), хош иістендіргіштер, көлемі 235 литр глицерин және пропиленгликоль химиялық заттар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған станоктар тәркіленді. 

Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу