Астана тұрғыны пәтерін 12 биткоинға бағалады

843

Астана тұрғыны пәтерін 12 биткоинға бағалады

Ғаламторда криптовалюта саудасы қызып тұр. Соңғы кезде биткоинға деген халықтың қызығушылығы арта түскендігі байқалады. Ол арқылы жылжымайтын мүлік сату туралы жарнамалар да кездеседі.  Бұл әсіресе жастар арасында сұранысқа ие, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгінде крипто-валюта үрдісі көптеген елдердерде кеңінен тарала бастады. Мәселен, Жапония мен Кореяда кең етек жайған. Онда үкімет сандық валюта үшін бағалы қағаздар шығаруды қолға алды. Электрондық ақшаның ең басты тиімділігі оны ауыстыру кезінде ешқандай делдал да, әкімші де болмайды.

Алғашқы биткойн нақты тауарға  2010 жылдың мамыр айында АҚШ-та ауыстырылған. 

"Мен өз пәтерімді 12 биткоинға бағаладым. Ол кездегі доллар бағамымен 5 мың доллар. Енді  сәл қымбатырақ қоямын. 13-14 биткоин. Бұл 50 мың доллар. Мен биткоинды валюта деп есептемеймін. Бұл сандық нұсқадағы алтын. 2-3 айдан бері қаржы құйып келе жатқандар қаражатын еселей түседі. Баға өз-өзінен өседі. Оның өсімі, көлемі шектеулі болуына байланысты ұлғайып отыр. Менің ойымша биткоинға деген сұраныс арта береді", - , Астана қаласының тұрғыны Бақытжан Айкелов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу