Астаналық тұрғын шлагбаумды бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйдің ауласында болған. Жас жігіт шлагбаумды қасақана бірнеше рет аяғымен теуіп, нәтижесінде шлагбаумды толықтай істен шығарып, материалдық залал келтірген. Осылайша қала тұрғыны заң аясында жауапқа тартылды.
Жыл басынан бері елордада полицейлер өзгенің мүлкін қасақана бүлдірудің 120-дан астам фактісін анықтады. Әрбір факті бойынша тиісті шара қабылданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу