Мысалға, Mersedes Benz автокөлігінен титан дискісі бар шиналарды ұрлап кетіп, иесіне 150 мың теңгеге шығын келтірген. BMW көлігінен де дөңгелектерін шешіп әкеткен.
Ұрланған заттарды метал қабылдау пунктіне және шина монтаждау орнына тапсырып отырған.
"Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде елорданың 30 жастағы тұрғыны анықталды. Қазір ер адам 10-нан астам көлікке ұрлыққа түсті деп күдіктелуде. Өз кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленді.ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы"Ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.