Елордада жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған тұрғын ұсталды

1560

Бұл туралы inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған тұрғын ұсталды Фото: aikyn.kz

Сарыарқа ауданы әкімдігі мен прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері қала тұрғындарының бірнеше рет шағымдары бойынша рейдтер жүргізді. 

Рейд өткізу барысында Сарыарқа ауданының жедел қызметкерлері, жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған 45 жасар әйелді анықтады. 16 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшінклиенттерді әйелдермен табыстырған.

Аталған фактіге қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен әйелге қатысты "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасы қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу