Астана тұрғыны жұмысқа орналастыруға уәде етіп, 4 млн теңгені қалтасына басқан

136

Елордада жігіт "жұмысқа орналастырамын" деген уәдемен алаяқтық әрекетке барған.

Астана тұрғыны жұмысқа орналастыруға уәде етіп, 4 млн теңгені қалтасына басқан Фото: canva.com

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері алаяқтық жасаған 47 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тергеу барысында ер азаматтың жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен алаяқтық жасағаны белгілі болды. Жәбірленуші күдіктінің уәдесіне сеніп, айтқан сөздерінің бәрін орындаған. Осылайша алаяқтың банк карточкасына сұраған ақшасын аударып отырған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 4 млн теңгені құраған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді және көп көлемде ақша аудармауды ескертеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу