Астана тұрғынының банкоматқа салған 1 млн теңгесін белгісіз біреу ұрлап кеткен

561

Күдікті ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Астана тұрғынының банкоматқа салған 1 млн теңгесін белгісіз біреу ұрлап кеткен Фото: Бейнежазбадан

Астанада белгісіз біреу елорда тұрғынының банкоматқа салған бір миллион теңгесін ұрлап кеткен. Артынша полицейлер 34 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жәбірленушінің банкомат арқылы есепшотына ақша салмақ болған. Азамат банкноттарды банкоматқа салып, операция аяқталды деп ойлап, терминалдан алыстап кеткен. Алайда, техникалық себептерге байланысты ақша салынбай, банкомат ақшаны қайтарып берген. Жәбірленуші ақшаның кері қайтқанын көрмеген. Осы сәтті пайдаланған ер адам ақшаны алып, қашып кеткен.

Заңсыз әрекет жасады деген күдікпен полицейлер 34 жастағы күдіктіні ұстады. Айыпталушы кінәсін мойындады. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу