Астана-Үрімші бағыты бойынша рейстер көбеймек

214

Рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды.

Астана-Үрімші бағыты бойынша рейстер көбеймек Фото: Pixabay.com

Халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылғы 30 мамырдан бастап "China Southern Airlines" әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2023 жылғы қазандағы Қытайға сапарының қорытындысы бойынша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестіктің артуына және әуе билеттері бағасының төмендеуіне ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу