"Астана" велокомандасы әлемде коронавирустың таралуына байланысты алдағы 15 күнде өтетін жарыстарға қатысудан бас тартты, деп хабарлайды olympic.kz.
Команда менеджменті мен дәрігерлер бірлесе отырып осындай шешім қабылдаған.
"Бұл қадам арқылы біз велоспортшылар мен команда қызметкерлерінің денсаулығын сақтауды көздейміз. Коронавирустың әлем бойынша қарқын алғаны бізді алаңдатып отыр. Әрине, біз барлық жарысқа қатысуды көздегенбіз. Бірақ біз үшін спортшылардың денсаулығы маңызды. Алда бізді өте маңызды ірі жарыстар тұр. Бұл өте қиын шешім, дегенмен, біз өз спортшыларымызды қорғауымыз қажет", – дейді бас менеджер Александр Винокуров.
Команда "Страде Бьянке", "Париж – Ницца" және "Тиррено – Адриатико" турнирлерінен сырт қалады.