"Астана" велокомандасының велошабандозы Мануэле Боаро шосседегі велотрек бойынша Италия чемпионатына қатысты. Жекелей жарыс бойынша сынға түскен Боаро 38,8 км шақырымды 47 минут 11,93 секунд уақытта бағындырып, мәреге төртінші болып жетті, деп хабарлайды olympic.kz.
"Астана" велокомандасының мүшесі Боаро Team INEOS командасының өкілі Филиппо Ганнеден 2 минут 12 секундтқа кешікті.
Айта кетерлігі, шосседегі велоспорттан 2020 жылғы әлем чемпионаты Бассано дель Граппада өтіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу