Астана вокзалында 5 миллионыншы жолаушыны салтанатты түрде қарсы алды

1069

Жыл басынан бері "Жолаушылар тасымалы" пойыздарымен тасымалданған бес миллионыншы жолаушы елордадағы "Астана-1" теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алынды.  

Астана вокзалында 5 миллионыншы жолаушыны салтанатты түрде қарсы алды Фото: railways.kz

Сәтті билеттің иегері – 8 жасар Мөлдір Сұлтан есімді жолаушы. Ол анасымен бірге Алматыдан Астанаға №9/10 бағытындағы жолаушылар пойызымен сапарға шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айрықша оқиғаға орай ұйымдастырылған шара барысында Мөлдірге ұлттық тасымалдаушы атынан естелік сыйлықтар табысталды. Жазғы демалысқа шыққан кішкентай жолаушыға жұмсақ ойыншық, планшет және сымсыз құлаққап сыйға берілді. 

– Бұл сапар біз үшін ұмытылмас әсерге толы болды. Билеттің мерейтойлық екенін естіген сәтте таңданысымызда шек болмады. Бес миллионыншы жолаушы атанамын деп ойламаған едім. Ұйымдастырушыларға көрсеткен құрметі мен сыйлаған қуанышты сәттері үшін шын жүректен алғыс айтамыз,  – деп Мөлдірдің анасы өз алғысын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу