"Астана-Зеленстрой" бас директорына 185 млн теңге айыппұл салынды

568

Тиісті үкім елордадағы Байқоңыр ауданының № 2 сотында шығарылды. 

"Астана-Зеленстрой" бас директорына 185 млн теңге айыппұл салынды Фото: Bizmedia.kz

Ақпаратқа сәйкес, "Астана-Зеленстрой" ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі "Табиғат-Сервис НС" ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге алу дерегі бойынша істі қарау аяқталды, деп жазады inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"3 наурызда сот үкімімен А.Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сот С.Карловаға параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу