Елордада тұман мен үсік күтілсе, Шымкентте бұл күндері ауа райы айтарлықтай өзгереді. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің айтуынша 12 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана қаласының ауа райы болжамы
5 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады түнде 3-8, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 4-6 градус аяз.
6 ақпанда: құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 11-13 градус аяз.
7 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Қатты жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 16-18 градус аяз.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
5-6 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы.
7 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
Бұған дейін метеорологтар ақпан айының болжамын құрастырып, бөліскен болатын.