Астана жанында ірі жел электр станциясы салынады

1128

Астана жанында ірі жел электр станциясы салынады

ENY, General Electric компаниялары мен ҚР энергетика министрлігі Ақмола облысы Аршалы ауданында 100 МВт-тық жел электростанциясын салу туралы келісімге келді. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды naryk.kz.

“Бүгін жаңартылмалы қуат көздері саласындағы ең ірі компаниялар ENY және General Electric Қазақстан нарығына кіріп отыр. Қазақстанда жел қуатын пайдалану басты мақсаттарымыздың бірі. Қазақстанда жылына 920 млрд КВт энергия өндіруге болады”, – дейді министр.

Алдағы уақытта аталған компаниялар Қазақстанның энергетика нарығын зерттей бастамақ.

“Қазақстан ресурстарға бай ел. Біз энергетиканың барлық секторында жұмыс істейміз. Қазақстанда жел мен күн энергетикасын дамыту керек”, – дейді GE Oil & Gas компаниясының бас атқарушы директоры Лоренцо Симонелли.

“Жел электр станциялары өте шулы. Сол себепті Астананың басына мұндай станциялар салынбайды. Ал облыстың Аршалы ауданында 100 МВт-тық жел энергия станциясын салу туралы шешім қабылдап отырмыз”, – деді Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу