"Астана" "Маккаби Тель-Авивті" ұтты

717

 "Астана" "Маккаби Тель-Авивті" ұтты

Футболдан Еуропа лигасында ел абыройын асырып жүрген  "Астана" футбол клубы Израильдің Нетания қаласында "Маккаби Тель-Авивті" 1:0 есебімен ұтты. Ойындағы жеңіс голын Патрик Твумаси соқты, деп хабарлайды vesti.kz.
Командалар бірінші таймда 0:0 есебімен тең тарқасты. Алаң иелері бірнеше рет есеп ашуға мүмкіндік алғанымен, Ненад Эрич допты қайтара білді. Тіпті бір рет қарсыласы ойыншысымен бетпе-бет шыққан сәтте де қырағылық танытты.
56 минутта Патрик Твумаси гол соққан еді. Алайда поляк төрешісі Павел Рачковски голды есепке алмады. "Астана" футболшысын ойыннан тыс қалды деп шешті. Десе де, араға бірер минут сала Патрик кезекті рет "Маккаби" қақпасын дәл көздеді. Абзал Бейсебековтің асырған тамаша пасынан кейін допты Маккабидің қақпасына дәл соқты.
Одан кейінгі аралықта есепте өзгеріс болған жоқ. "Астана" 1:0 есебімен ұтып, 3 ұпайға ие болды. Ал жалпы төрт турдан кейін 7 ұпаймен "А" тобында екінші орында келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу