Астана жолдарына 20 жаңа автобус шықты: Олар қай бағытқа қатынайды?

679

Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС хабарлады.

 Астана жолдарына 20 жаңа автобус шықты: Олар қай бағытқа қатынайды? Фото: inbusiness.kz

"City Transportation Systems" ЖШС елордада жаңа 20 автобустың қай бағыттарға қатынайтынын жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Құрметті жолаушыларымыз!

Бүгін, 31 тамызда Астана жолдарына 20 жаңа автобус шықты. Олар №№ 3, 32, 15, 54, 56 және 61 бағдарларына қосымша қосылады. Бағдарлар электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеу жүйесінің жаңа жабдықтарымен жабдықталған", делінген ақпаратта.

Айта кетейік, жүйені толық қосқанға дейін жол ақысын төлеу қолданыстағы тәсілдермен жүзеге асырылады: QR-код және "Transcard" көлік картасы арқылы. Аталған тәсілдермен қатар, кейін екінші деңгейдегі банктердің банктік картасымен, NFC технологиясы арқылы және Bluetooth арнасы арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болады.

Жаңа жүйеге толық көшу 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу