Астана жүргізушілері ақылы тұрақ үшін 200 млн теңгеден астам ақша төледі

256

Бұл туралы "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС хабарлады.

Астана жүргізушілері ақылы тұрақ үшін 200 млн теңгеден астам ақша төледі Фото: inbusiness.kz

Жыл басынан бері Астанада ақылы тұрақ үшін жүргізушілерден жиналған қаражат мөлшері 201 миллион теңгені құрады. Қаражат қала бюджетіне жіберілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы, ақылы автотұрақ жүйесін енгізу басталғаннан бері 450 миллион теңге жиналды.

"Бүгінгі күні елордада 7300 ақылы автотұрақ бар. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы келісімге сәйкес, елордадағы ақылы автотұрақтар саны шектеулі, және 10 мың орыннан аспайды. Автотұрақтарды жергілікті атқарушы орган анықтайды", - деп мәлімдеді компания қызметкерлері.

Еске сала кетейік, 1 қазаннан бастап сенбі, жексенбі және мереке күндері Астанада автотұрақ ақылы болды. Айта кетсек, автотұрақ құны сағатына 100 теңгені құрайды.

Автокөлік иелері Kaspi.kz, Homebank қосымшалары, astanapark.kz веб-сайтындағы жеке кабинет, терминалдар мен "Cassa24" веб-сайты арқылы төлем жасай алады. Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 3 АЕК немесе 10 350 теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу