Астана жылыту маусымына 90 пайыз дайын

124

Елордада жылыту маусымына қызу дайындық жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана жылыту маусымына 90 пайыз дайын Фото: canva

Бүгін Астана қаласының қоғамдық кеңес отырысында елорданың алдағы жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды.

– Жылу беруге 90 пайыз дайынбыз. Кейбір жұмыс кестеге сәйкес, қазан айының соңына дейін аяқталады. Бірақ, жылыту маусымына кері әсерін тигізбейді, себебі ең суық кезең қараша мен желтоқсан айына келеді. Сол себепті жұмыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі, – деді Астана қаласының Энергетика басқармасы басшының орынбасары Мақсат Есмағұлов.

Оның айтуынша, қалада қыстыгүні апат жиі болатын 7 учаске бар.

– Биыл бәрін анықтап, жасап қойдық. Сонымен қатар, аталған учаскелерді жай ғана жамап қойған болмайды ғой, сондықтан жобалау жұмыстары басталды. 2026 жылы аталған учаскелерді ауыстыратын боламыз, дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу