Астанада "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасы түсіндіріледі

1278

Астанада "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасы түсіндіріледі

Ертең, 15 ақпанда, Жастар сарайында (Республика даңғылы, 34) кәсіпкерлерге арналған ашық ессік күні өтеді. Шара барысында "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасы түсіндіріледі.

Шараны ұйымдастырушы – Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында "1000 орын – көше саудасы" бағдарламасы әзірленді.

Көше саудасының бекітілген түрлеріне жылжымалы асханалар, кофеханалар, нан-тоқаш, балмұздақ, газет, жемістер мен көкөністер сатуға арналған орындар, кәдесыйлар мен гүл сату киоскілері жатады.

Павильондардың сыртқы түрінің шарттары, пайдаланылатын материалдар, өлшемдері және т.б. (презентация) тіркелген.

Шара сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жалғасады. Толық ақпаратты 55-69-11, 55-69-13 телефондары бойынша алуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу