Астана қаласы бойынша "7-20-25" бағдарламасы аясында сатылып жатқан пәтерлер #expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде ұсынылмақ, деп хабарлайды Today.kz "Баспана" ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңке 22-23 қыркүйекте Mega Silk Way ойын-сауық орталығында өтеді. Оны Homsters.kz онлайн-сервисі ұйымдастырып отыр.
Жәрмеңкеге Астананың 14 тұрғын үй кешенінің өкілдері қатыспақ. Құрылыс компания өкілдері барлық келушілерге "7-20-25" бағдарламасы арқылы берілетін тұрғын үй, оны сатып алудың бағасы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат береді.
Сонымен қатар келушілер екінші деңгейлі банк өкілдері мен "Баспана" Ипотекалық ұйымы мамандарынан кеңес ала алады.
Бұндай жәрмеңке Алматы қаласында өткен болатын, оған жеті мың адам келді.