Астанада "ASTANA OPEN 2017" халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр

800

Астанада  "ASTANA OPEN 2017" халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр

20 шілдеде халықаралық шахмат күні тойланады, сондықтан турнир дәл осы күні басталды. Фестивальге әлемнің 12 елінен келген 600-ден астам шахматшы қатысуда, деп хабарлайды astana.gov.kz.

"ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Шахмат федерациясы бірлесе атқарып жатқан ауқымды жұмыстың арқасында бұл жарыс Астана қ. федерациясымен ұйымдастырылды. Қатысушыларға сәттілік тілеймін. Жарысты қызықтауға келген көрермендер мен қатысушыларға алғысымды білдіремін", - деді ҚР спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

Ашылу салтанатына ФИДЕ президенті Кирсан Илюмжинов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалымжан Есенов, ҚР спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов қатысты. 
Astana Open аясында 22-26 шілде аралығында ФИДЕ төрешілері үшін семинар өтеді. Қазақстандық төрешілер үшін оны Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырады, оған өзге елдің төрешілері де қатыспақ. Оған қоса ФИДЕ ережелері бойынша комиссия төрағасы, ФИДЕ лекторы, халықаралық төреші Ашот Вардапетян (Армения) оқу өткізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу