Астанада "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

674

Астанада "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

16-18 шілде аралығында қоғамдық көліктің қатысуымен ЖКО алдын алу және жолдарда апаттық жағдайларды азайту мақсатында Астана қаласының полицейлері көлік бақылау инспекциясымен бірлесіп, "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасында атап өткендей, жедел алдын алу шарасының басынан қоғамдық көлік жүргізушілерінің бұзуымен болған ЖКО-ның 535-і анықталды.

Олардың 107-сі – ауаны ластаушы заттардың шамадан тыс мөлшерде шығарылуы, 10-ы – жолаушыларды, жүкті тасымалдау ережелерін бұзу, 11-і – еңбек және демалыс режимін бұзу, 9-ы – тиісті рұқсаттамасыз қайта жабдықтау, 24-і – техникалық қараудан өтпеу, 47-сі – көлікті басқару кезінде ұялы телефонды қолдану, 47-сі – маневрлеу ережелерін  бұзу", – делінген таратылған хабарламада. 

Анықталған құқық бұзушылық оқиғалары бойынша автобус жүргізушілері мен автобус парктерінің 6 лауазымды қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, жолаушыларға қызмет көрсету үшін жолға техникалық ақауы бар автобус шыққан. Осы оқиғалар бойынша 6 қызметкер мен заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік ұйғарым шығарылды. Заң бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынды. 

ЖҚҚ бұзушылықты әрі қарай алдын алу және қоғамдық көлік жүргізушілерінің жолдарда жүру тәртібін ретке келтіру мақсатында осы секілді іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу