Air Astana әуекомпаниясына тиесілі Embraer E-Jet E2 жаңартылған ұшағы Қазақстанға ұшып келді. Ұшақтың тұмсығында қар барысының суреті бейнеленген, деп хабарлайды ИДМ азаматтық авиация комитетінен.
Орташа қашықтыққа ұшатын бұл Embraer E-190-E-2 ықшам ұшағын бразилиялық Embraer компаниясы заманауиландырып, жетілдіріп шығарған.
Ұшақтың қанаты ұзартылған әрі аэродинамикасы жетілдірілген, бортының жабдықтары жаңартылған, қозғалтқыштары жақсартылған.
Ұшақ Астанада 2018 жылдың 13 желтоқсанында таныстырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу