Астанада "Біз – таза елорданы қолдаймыз!" атты жалпықалалық науқан жарияланды

1213

Астанада "Біз – таза елорданы қолдаймыз!" атты  жалпықалалық науқан жарияланды

Астанада "Біз – таза елорданы қолдаймыз!" атты жалпықалалық сенбіліктер өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астанада 2018 жылы 9 сәуірден 22 мамыр аралығында елордада "Астана – таза және қауіпсіз қала" атты жалпықалалық науқан жарияланды. Осы көктемде елорданың аумағында 2 жалпықалалық сенбілік өтеді: 2018 жылғы 21-сәуірде және 12-мамырда.

Жалпықалалық сенбіліктердің басты мақсаты қоғамды қаланың көшелерінде тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыру болып табылады.

2018 жылы 21-сәуірде өтетін жалпықалалық сенбілік шеңберінде әкімішілік және қоғамдық ғимараттардың іргелес аумақтарын, Есіл, Сарыбұлақ және Ақбұлақ өзендерінің жағалауларын санитарлық тазалау, қоршаулар мен ғимараттардың сыртқы көріністерін жөндеу, аула аумақтарындағы бұзылған абаттандыруды қалпына келтіру, қоқыс үйінділерін жою және т.б. жұмыс түрлері бойынша жұмыс атқарылады.

2018 жылы 21-мамырда өтетін жалпықалалық сенбілікте Астана қаласының саябақтар, шағынгүлбақтар аумағында және көшелер бойында 10 мыңға жуық көшет отырғызылады.

ПИК төрағалары үйлерге іргелес жатқан аумақтарды санитарлық тазалау, көшеттер отырғызу мен шағын сәулет нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындардың қатысуын ұйымдастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу