Астанада Ильинка ауданында орналасқан "жасыл белдеудің" соқпақ жолдар трассасының базасында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада аясында "Қаңтарлық спринт" шаңғы жарысы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Шараның ұйымдастырушылары: "№2 БЖСМ" МКҚК, "Астана орманы" ЖШС Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық шараларды өткізу жөніндегі дирекцияның және елорда әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен.
Шараға 100-ден астам адам қатысты. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде дәстүрлі спортшылар шеруі өтті. Ұйымдастырушылар мен төрешілер құрамына ірі спорттық-бұқаралық шараларды өткізу бойынша тәжірибесі мол еліміздің жетекші спортшылары кірді. Олардың бірі шаңғы жарысынан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жоғары санаттағы төреші 40 жылдың өтілі бар Старостин Юрий Михайлович.
"Бұл шараның ерекшелігі – Универсиада қарсаңында өткізіліп жатқанында. Жарысқа қатысушылар 9 жас санатында өнер көрсетеді, соның ішінде ұлдар мен қыздар, ерлер мен әйелдер, 40-тан асқан ардагерлер де бар. Бұл дәстүрлі шара, бұрын "Бұрқасын" деп аталған. Бүгінде жаңа орын – веложолды игеріп жатырмыз. Қыста арнайы шаңғы жолы дайындалады. Жыл сайын тұрғындардың қызығушылығы артып келеді. Шаңғы жарысын одан әрі дамытуға болады, салауатты өмір салтын дәріптеп, қала тұрғындары мен қонақтарына лайықты демалыс ұсынамыз", – дейді Юрий Старостин.
"Қаңтар спринті" бағдарламасында қатысушылар жас санатына қарай түрлі қашықтықты бағындырады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
"Бүгінгі шараға біздің кәсіпорынның да қатысып отырғанына қуаныштымыз, Астана әкімдігі веложолды кеңінен танымал ету үшін жыл бойы түрлі спорттық шаралар ұйымдастыру міндетін алға қойды. Әкімнің тапсырмасымен осы бірегей нысанның беделін, маңыздылығын арттыру үшін түрлі міндеттер атқарылады. Бұл түрлі шаралар өткізу үшін жасалған қаламыздың "өкпесі"", – деп атап өтті "Астана орманы" ЖШС дамыту жөніндегі басқарушы директоры Юсуп Келигов.