"Көрме" халықаралық орталығында ауыл шаруашылығы "KazAgro/KazFarm-2017" көрмесі өтуде, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Көрмеге Австралия, Австрия, Беларусия, Ұлыбритания, Германия, Египет, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Катар, Қытай, Польша, Корея, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Франция, Чехия және Швециядан келген 300-ден астам компания өкілдері қатысуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығындағы инновациялық жетістіктерді көрсету, бизнесті табысты дамыту үшін қажетті іскерлік байланыстарды алу мүмкіндігі, байланыс және іскерлік келіссөздер үшін тиімді байланыс алаңы, қатысушылар мен олардың өнімінің брендін жылжыту.
Көрме 27 қазанға дейін жалғасатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу