"Мәңгілік Ел" аркасында шолу алаңы мен көрме галереясы ашылады. Панорамалық дүрбімен жабдықталған шолу аумағы монументтің үстінде 21,5 метр биіктікте жасалады. Аркадағы шолу алаңы 2017 жылдың мамыр айынан бастап есігін айқара ашады. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы мәлім етті.
Ерекше қажеттіліктері бар экскурсанттар үшін монументтің ішінде лифт бар, бірақ келушілердің басым бөлігі шолу алаңына қаланың қалыптасуы мен тарихы туралы айтып беретін кәсіпқой гидтармен бірге баспалдақпен көтеріледі.
Сонымен қатар, қалаға көрік беретін жаңа орын "Мәңгілік Ел" аркасының тұжырымдамасын ашатын Қазақстан тарихы туралы жұмыстарды және тақырыптық роликтерді трансляциялау үшін мультимедиялық құралдармен жабдықталады.
Шолу алаңына баратын жол да орналасқан көрме залының ауданы - 120 шаршы м. Галерея шетелдік және қазақстандық суретшілердің, қолөнершілердің және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің өнер туындыларының экспозициясы үшін қолданылмақ, сондай-ақ, мұнда фотокөрмелер өткізіледі.
"Мәңгілік Ел" аркасы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басстамасымен 2011 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылды. Монументті ашу салтанатында Мемлекет басшысы "Мәңгілік Ел" елінің егемендігін ғасырлар бойы аңсап келген қазақ халқының триумфының белгісі екендігін атап өтті. Президенттің идеясын сәулетші Сағындық Жамболатов пен мүсінші Мұрат Мансұров және Нұрлан Далбай іске асырды. Аз уақыттың ішінде арка елордамыздың жарқын әрі белгілі көрікті орындарының біріне айналды.
"Мәңгілік Ел" монументі гранит пен мәрмәрдан жасалды. Арка қазақ оюларымен безендірілген. Фасадтардың түбінде ойшыл ақсақалдың, әйел ананың, орта ғасырлардағы батырдың және заманауи жауынгердің қола мүсіндері орнатылған. Олардың биіктігі 4,4 метрді құрайды. Ақсақалдың мүсіні – бұл даналықтың, халықтың ойы мен руханилылығының белгісі. Ошақ иесі - ананың мүсіні "Отан Ана", "Жер Ана", "Ана тілі" сынды ұлттық нышандардың белгісі. Көшпенді жауынгердің және қазіргі заманғы сарбаздың фигурасы қазақ батырларының ерлігі мен батылдығының белгісі болып табылады.
Арканың бүйір қуысында Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіндегі "Тайқазанның" көшірмесі орнатылған. Бұл бірліктің, қонақжайлылықтың және жетістіктің белгісі. Триумфалды арканы екі жақтан автомобиль жолдарымен қоршалған.
Қақпаның бүйір қабырғалары күрделі қазақ оюларымен өрнектелгеен, оның жоғарғы бөлігінде қауіптен қорғайтын, сенімділік мен тұрақтылық, жеңіс сыйлайтын қазақ жауынгерлерінің қалқаны орналасқан. Сонымен қатар, рельефті панно монументке ерекше көрік беріп тұр. Олардың бірінің сюжеттік сызығы қазақтың тарихының тереңдігін, ал екіншісі – қазақтың басты құндылығы - Тәуелсіздіктің жеткізеді, оны Ақорданың, Бәйтерек пен басқа да заманауи нысандар арқылы байқауға болады.
Айта кетейік, триумфалды аркаларда шолу алаңдары мен көрме залдарын ашу осы сияқты нысандарды пайдалануда барша әлемде қолданылатын тәжірибе. Бұған Барселона, Мумбай, Бухарестте орналасқан құрылыстар мысал бола алады. Ең танымал триумфалды аркалардың бірі – Парижде Шарль де Голль алаңында орналасқан монумент, жыл сайын оны миллиондаған турист тамашалайды.
Астанада шолу алаңы туристердің қызығушылығын оятып қана қоймай, түлектер мен жас жұбайлар арасында кеңінен белгілі орынға айналуы мүмкін.