Астанада "Silk Way – Жібек жолы 2018" дүниежүзілік би фестивалі өтеді

1013

Астанада "Silk Way – Жібек жолы 2018" дүниежүзілік би фестивалі өтеді

Ашылу салтанаты 5 мамырда сағат 19:00-де Оқушылар сарайында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Спорттық-баллдық бишілердің "Silk Way – Жібек жолы 2018" дүниежүзілік фестивалі Астананың 20 жылдығы аясында 4, 5, 6 мамырда Оқушылар сарайында өтеді.

Аталмыш жоба Ұлы Жібек жолын кесіп өткен Азия, Еуропа және Қиыр Шығыс елдерін қамтиды.

Биыл шарада Ирландия, Ресей, Англия, Израиль, Австрия, Румыния, Украина, Грузия, Өзбекстан, Беларусь, Молдавия, Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстан сияқты елдерден 1500 қатысушы өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу