Астанада "Silk way - Jibek joly 2018" би фестивалі аяқталды

697

Астанада "Silk way - Jibek joly 2018" би фестивалі аяқталды

Әлемдік би фестиваліне 15 елден қатысушылар келген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға білім басқармасының қолдауымен Астана қаласының 20 жылдығы аясында бесінші жыл өтуде.

Әлемнің түкпір-түкпірінен, атап айтсақ Израил, Италия, Австрия, Румыния, Ресей, Украина, Грузия, Өзбекстан, Белоруссия, Молдавия, Қырғызстан, Әзербайжан, Оңтүстік Корея елдерінен келген мыңнан аса қатысушы өздерінің талабы мен талантын, әр қимылы әбден ұшталған талабын Оқушылар сарайында көрсетуде.

Елорданың намысын Оқушылар сарайының "BOMOND" би клубының ең үздік балдық ансамблінің және кәсіби спорттық би жұптарының жас орындаушылары қорғады.

Фестиваль санаттар бойынша байқау бағдарламасы түрінде, жасы бойынша және орындау деңгейі, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес бағдарламалық талаптарға сай өтуде.

Бишілердің кәсіби деңгейін Халықаралық би одағының титулды турнирлерінің бас төреші Александр Козыр, фестивалдің бас төрешісі, Ұлттық би кеңесінің президенті Игорь Ким.

Сонымен қатар, турнирге жас бишілер қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Олар әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген жұптардың өнерін тамашалап өздеріне үлкен тәжірибе алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу