Астанада "тілек орындайтын" ерекше сәкі бар

968

Астанада "тілек орындайтын" ерекше сәкі бар

Астанада "тілек орындайтын" ерекше сәкі бар. Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды abctv.kz.

"Арнайы сәкі" жобасы күннен-күнге қолдау тауып келеді, сәкі орнатқысы келгендер тарапынан ерекше ойлар айтылуда. Әлемнің әр қаласында негізгі көрікті жерлерден бөлек, тұрғындар мен туристер арман-тілегін айтатын орын болады. Қалаға өзгеше күй сыйлайтын бұндай "сыйқырлы" орындар қиялшыл, арманшыл адамдардың арқасында пайда болады. Біздің ауданда да "тілек орындайтын" ерекше сәкі пайда болғанын қуана хабарлаймыз. Бұл орындық "Керей және Жәнібек хандар" саябағында орналасқан. Оны "Астана тарихында өз есіміңді қалдыр" марафоны аясында "Индиго" көркемөнер мектебінің оқушылары орнатты", - деп жазды аудан әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу