Астанада "Түнгі сот" пилоттық жобасы іске қосылды

702

Астанада "Түнгі сот" пилоттық жобасы іске қосылды

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында "Түнгі сот" пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Жұмыстың бірінші күні жобаның аясында, көлік құралдары жүргізушілерінің көлік құралдарының зақымдануына әкеліп соққан жол жүру ережелерін бұзуы туралы 13 материал қаралды.

Жобаның аясында елордалық әкімшілік сотта 18 сағат 30 минуттан бастап 22 сағатқа дейінгі уақыт аралығында жол жүру ережелерін бұзу туралы әкімшілік істер мен материалдар қаралатынын еске сала кетейік. ЖКО қатысушылары істің жоғарыда аталған уақытта қаралуына келісім берген жағдайда, уәкілетті органның қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жанына ЖКО жасалған сәттен бастап үш тәуліктен кешіктірмейтін, күні мен уақыты көрсетілген сотқа келу туралы үзік талон толтырады.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаның тағылған құқық бұзушылыққа деген ұстанымы өзгерген және кінәні мойындамаған, іске прокурордың, адвокаттың, аудармашының, сарапшының, маманның немесе басқа да мүдделі тұлғаның қатысуы, сондай-ақ қосымша дәлелдемелерді зерделеу және ұсыну қажеттіліктері туындаған жағдайда, судья істі жалпы тәртіппен қарау үшін сот отырысын кейінге қалдырады.

"Түнгі сот" пилоттық жобасының аясында Астана қаласының соты мен Ішкі істер департаменті Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге және тиімді әкімшілік сот ісін азаматтар үшін  ыңғайлы уақытта жүргізуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу