Астанада "Vөңдеу" экологиялық жәрмеңкесі өтеді

783

Астанада "Vөңдеу" экологиялық жәрмеңкесі өтеді

2 маусымда Астанада "Vөңдеу" экологиялық жәрмеңкесі өтеді. Шараның белсенді қатысушылары арасында ұтыстар ойнатылады, деп хабарлайды elorda.info.

"Кез-келген адам экологиялық шараға қатысушы бола алады. Негізгі шарт - өзіңізбен бірге қайта өңдеуге жарамды зат ала келу. Экологиялық бастаманы қолдаңыз және жүлдеге ие болыңыз!", - дейді ұйымдастырушылар.

"Vөңдеуге" пластик, шыны, картоннан жасалған қорапшалар, электрлі тұрмыстық техника, сондай-ақ қағаз қалдықтар, энергияны үнемдейтін шамдар мен батарейкалар, аккумляторлар қабылданады.

Келушілер назардан тыс қалмайды. Әр адам өз білімін тексеріп, арнайы жүлделерге ие бола алады және экологиялық викториналар мен жарыстарға қатыса алады.

#ЭкоАсар "Vөңдеу" (Vпереработку) шеңберінде концерт өтеді. Акцияның хедлайнері - әнші Айқын.
Шара Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі, 9 ғимарат, "Қазақстан" спорт сарайының аумағында, сағат 11.00 басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу