"Алматы" ауданының ардагерлер кеңесі әлеуметтік аз қамтылған, жалғызілікті зейнеткерлерге қайырымдылық акциясын өткізіп жатыр.
Акцияның алғашқы толқыны аудандық Ардагерлер кеңесінің Президиум мүшелері, сонымен қатар ардагерлер бастауыш ұйымының төрағаларымен 22 қарт-қарияның үйіне барып, кездесу өткізді, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.
Аталған акцияның басты мақсаты – әлеуметтік және психологиялық көмекке зәру, өмір жолында қиын жағдайға түскен, жалғыз тұратын зейнеткерлерді анықтау, сондай-ақ қол ұшын беру, олардың түрлі әлеуметтік сұрақтарының шешімін табу, мұндай адамдардың өмірін қандай да жолмен жеңілдету.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу