9 мамыр күні "Жаужүрек полкі Астана – әлемдік марш" шеруі өтеді. 1941-1945 жж. соғысқа қатысқан азаматтардың ұрпақтары Астана көшелерімен жүріп өтеді.
"Жаужүрек полкі Астана" маршына қатысу үшін алдын ала арнайы тіркелу және кіру билеттері жоқ. Қатысушылар транспаранттармен немесе үлкен өлшемдегі суретпен шеруге шыға алады, тек фото шыны жиектемеге салынбауы керек. Өйткені, біріншіден, оның шыныда орналасуы қауіп төндіреді, екіншіден, шыны жиектемедегі сурет күнге шағылысады.
Шеру "Қазақ елі" монументінен басталып, "Отан қорғаушылар" мемориалында аяқталады.
Биылғы "Жаужүрек полкі Астана" маршының жолы 2,5 шақырым, жалпы жүріп өтетін жол 3,6 км. "Қазақ елі" монументінің жанында жиналу уақыты сағат 12.00, қозғалу уақыты 13.00.