Астанада 0–9 сынып оқушылары ауа райына байланысты қашықтан оқуға ауыстырылды

229

Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Астанада 0–9 сынып оқушылары ауа райына байланысты қашықтан оқуға ауыстырылды Фото: Астана білім басқармасы

10 желтоқсан күні елордада қолайсыз ауа райы салдарынан бірінші ауысымда оқитын 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді. 

Астана қаласының Білім басқармасының мәліметінше, қалада ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты мектептердің бірінші ауысымдағы сабақтары онлайн режимде өтетін болды. Мұндай шешім қатты жел, боран және көру мүмкіндігінің төмендеуі ықтимал қауіп төндіргендіктен енгізілген.

Оқу форматы бойынша қосымша ақпарат ауа райының жақсаруына қарай жарияланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу