Астанада 1,5 миллион теңгені қолды қылған ұры ұсталды

876

Тәртіп сақшылары күдіктіні қонақ үйде қолға түсірді.

Астанада 1,5 миллион теңгені қолды қылған ұры ұсталды

Астаналық полицейлер ұрланған 1,5 млн теңгені иесіне қайтарды. Тәртіп сақшылары күдіктіні қонақ үйде қолға түсірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Полицияға 29 жасар қала тұрғыны арызданған. Ол белгісіз адамның қонақ үй холынан ішінде 1,5 млн теңгесі бар рюкзакті ұрлағанын хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, ол рюкзакті үстелге қойып, бірнеше минутқа бір жерге шығып кеткен, ал қайтып оралғанда,  рюкзак жоқ болып шыққан.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында "Сарыарқа" ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері бейне-бақылау камерасы арқылы ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, қолға түсірді. 46 жасар ер адам Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына алынды", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" бабы  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғын тексеру жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу