Астанада 1,8 мыңнан аса техника қар күреуге дайын

1207

Астанада 1,8 мыңнан аса техника қар күреуге дайын

Күннің суытып, қардың түсуіне және көктайғаққа байланысты қаланың барлық қызметі күшейтілген жұыс режиміне ауысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Астанадағы жол мен көшені екі мердігер компания тазалайды: "Астана Тазалықта" қысқы маусымға 266 арнайы техника дайын, ал "Астана Зеленстрой" АҚ 205 техника сақадай сай. Бұдан басқа, көшелердегі қар тазалау жұмысына "Алматы" ауданынан 468 бірегей техника шығуға дайын, "Есіл" ауданынан – 487 және "Сарыарқа" ауданынан – 414, барлығы  1 840  техника жұмылдырылмақ. 

Қазіргі таңда жаңа көшелердің пайда болуына байланысты маршруттар мен елорда жолдарын тазалаудың режимін қайта қарастырып жатыр. Қысқы уақытта басымдық қаланың орталық көшелері мен Астананың әлеуметтік нысандарының кіре беріс жолдарына беріледі.

Алдағы қысқы маусымға "Астана Тазалық" аудандардағы бағыт бойынша көктайғаққа қарсы реагент пен 27 мың куб метр көлемдегі құм мен тұз аралас қоспа дайындады. Сондай-ақ, 27 құм шашатын техника, қатты қар түскен кезде шығатын көшелерді пайдаланатын 8 ротор бар. Қарды ерітетін орын да келісілді.

Айта кетейік, Астанада тәулік бойы "109" кезекші қызметі жұмыс істейді, онда қала тұрғындарының қар тазалау жұмыстары мен санитарық тазалау мәселесі жөнінде өтініштер қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу