Астанада 1 көше қиылысында 2 ірі жол апаты болды

694

Астанада 1 көше қиылысында 2 ірі жол апаты болды

Бүгін түнде Астанада Бөгенбай батыр даңғылы мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында 2 ірі жол апаты болды, деп хабарлайды inform.kz.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23 наурыз күні сағат 23:05-те "Suzuki" көлігін жүргізіп келе жатқан 21 жастағы қыз Бөгенбай батыр даңғылынан Бейбітшілік көшесіне солға бұрылғанда "Toyota" көлігіне соғылған. Екінші көліктегі 1996 жылғы жүргізуші қарсы бағытта тік келе жатқан. Жол апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және 1994, 1991 жылы дүние келген жолаушылар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сараптама тағайындалған.

Сонымен қатар 24 наурыз күні түнгі сағат 01:30 шамасында дәл сол көшенің қиылысында тағы бір жол апаты болды. Бұл жолы "Мерседес" және "Шкода" көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жараланған "Мерседес" көлігінің 1988 жылы дүниеге келген жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Ал екінші көліктің жүргізушісі медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу