10-14 қазан күндері Астана көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 2026 жылғы 10-14 қазанда қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады. Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген", – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек 9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп хабарлады Мемлекеттік күзет қызметі.