Астанада 10 ақпанда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталады

494

2023 жылғы 10-12 ақпан аралығында Қазақстан астанасы жабық алаң ішінде жеңіл атлетикадан X Азия чемпионатын өткізеді. 

Астанада 10 ақпанда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталады Фото: gov.kz

Ауқымды іс-шараға 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Чемпионат "Qazaqstan" жеңілатлетикалық спорт кешенінде өтеді. Жарыс 2023 жылы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының күнтізбесіндегі ең маңызды жеңіл атлетика іс-шараларының бірі болып саналады.

Айта кетейік, жабық алаң ішінде жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Жарысқа 30-дан астам елден келген спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр.

Жарыста спортшылар жеңіл атлетиканың 26 түрінен өнер көрсетеді, олардың арасында жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу