2GIS елордада 10 балдық көлік кептелісін тіркеді, ал такси қызметінің бағасы әдеттегі күнге қарағанда 1,5-2 есеге қымбат, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Қабанбай батыр, Сығанақ, Сарайшық, Мәңгілік ел көшелерінде және басқа да бағыттағы қозғалыс тоқтап тұр.
Бүгін жауын-шашын мол түспегенімен қала көшелерінде кептеліс елордадағы такси қызметінің бағасына да қатты әсерін тигізді. Қазіргі уақытта әдеттегі күнге қарағанда такси қызметінің бағасы 1,5-2 есеге қымбат.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы арктикалық суық енумдің эпицентрінде болады, еліміздің басым бөлігінде қар жауады, республиканың орталығында және шығысында көріну қашықтығығын нашарлататын қатты қар жауады, ал жолдарда көктайғақ күтіледі.