Астанада 10 мыңнан астам бала бір мезетте Мемлекеттік әнұранды орындады

147

Мұндағы мақсат – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.  

Астанада 10 мыңнан астам бала бір мезетте Мемлекеттік әнұранды орындады Фото: Астана әкімдігі

Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Астанадағы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жазғы лагерлерінде ауқымды патриоттық іс-шара ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қаланың 92 мектебі мен 13 қосымша білім беру орталығының қатысуымен өткен бұл іс-шара аясында 10 000-нан астам бала бір мезетте Мемлекеттік әнұранды орындады.

Әнұран шырқау рәсімі балалардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін оятып, біріктіруші рух берді. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Айта кетейік, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні, бұл мереке 2007 жылдан бері ресми түрде аталып өтеді. Бұл күн – Елтаңба, Ту мен Әнұран сынды тәуелсіздігіміздің нышандарын құрметтеудің жарқын көрінісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу