3 қаңтар күні Астананың сол жағалауында 10 жасар баланы көлік қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Күндізгі уақытта "Chevrolet Nexia" автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып, Бұқар Жырау көшесіне бұрылған кезде жолдан жаяу жүргіншілер өткелімен, бағдаршамның рұқсат етілген сигналына өтіп бара жатқан 10 жасар баланы қағып кетті. Апат салдарынан иығы жарақаттанған кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді", - делінген хабарламада.
Бүгінде аталған дерек бойынша анықтау шаралары жүргізілуде. Өткен тәулікте қалада 79 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 2 адам жарақат алған.
Елорданың полиция департаменті жолдар мен көшелерде өте мұқият болуға, қолайсыз метеорологиялық жағдайларды ескеруге шақырады.