Астанада 100 адам 1 миллион теңгенің номиналды тұрғын үй сертификаттарын алды

1078

Қаражат ТҚЖБ арқылы пәтер сатып алу үшін бастапқы жарна ретінде қолданылады.

Астанада 100 адам 1 миллион теңгенің номиналды тұрғын үй сертификаттарын алды

Астанада ТҚЖБ-ның 100 салымшысы тұрғын үй сертификаттарының көмегімен үй алады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Астана қаласының әкімдігі аталған жоба үшін бюджеттен 100 млн теңге бөлді. Бүгін 1 млн теңгенің номиналды тұрғын үй сертификаттарын 100 адам алды. Олардың арасында дәрігерлер, мұғалімдер, полиция қызметкерлері бар. Қаражат ТҚЖБ арқылы пәтер сатып алу үшін бастапқы жарна ретінде қолданылады.

"Мемлекет басшысы өз жолдауында әкімдіктерге халыққа арналған ипотека қолжетімділігін арттыруды тапсырды. Біз елордалық билікпен бірігіп, бұл жұмысты алдын-ала бастап кеттік және бүгін Астана тұрғындарына алғашқы тұрғын үй сертификаттарын тапсырып отырмыз. Бөлінген қаражат олар үшін уақтылы көмек болмақ, бюджет қызметкерлері 20% көлеміндегі бастапқы жарнаны тездетіп жинай алады. Осыдан кейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі оларға жылдық мөлшерлемесі 7%-дан аспайтын несие береді. Заемның ең ұзақ мерзімі 25 жылға тең, ал сомасы 25 млн теңгеден аспайды. Мемлекет, әкімдіктер, банктер бірлесіп, осындай тәртіппен жұмыс істей бастаса, 10 жыл ішінде Қазақстандағы кезекте тұрған азаматтар санын екі есе қысқартуға болады. Қазір аталған көрсеткіш 440 мың адамға тең, - деп өтті ТҚЖБ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.

Астана қаласы әкімдігі тұрғын үй сертификаттарынан үміткерлер тізімін әзірледі. Өтінім берер сәтте мұғалімдердің, дәрігерлердің және полиция қызметкерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Астана қаласында тұрақты тіркеуде тұруы қажет болды. Сондай-ақ үміткерлерден ТҚЖБ салымшысы атанып, шоттарында жинақ ақшасының болуы талап етілді.

Іріктеліп алынған үміткерлер тізімін Астана әкімдігі ТҚЖБ-ға төлем қабілеттілігін растау үшін жіберді. Осыдан кейін үміткерлердің ақтық тізімі әзірленіп, бір ай ішінде қаражат банктегі шоттарына аударылады. Бұдан соң әлеуметтік көмек иегеріне үй таңдап, оның иесі атануға үш ай уақыт беріледі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу