Президенттің бастауымен жалпы ұлттық маңызға ие болған "Таза Қазақстан" акциясы қыс қаhарына мінсе де желісін үзген жоқ. Республика аумағында жалғасын тапқан жоба бүгін әкелер мен балалардың басын біріктірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Игі шараның аясында "100 мектеп-1000 әке" экочеленджі білім ұяларының ауласында жүзеге асты. Белсенділер қолдарына күрек алып, үскіріктің үрейлі мінезіне міз бақпады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу