Астанада 100 мыңға жуық Жеңіс лентасы таратылды

1120

Астанада 100 мыңға жуық Жеңіс лентасы таратылды

Аспан түстес көгілдір лентаны Астана тұрғындары мен қонақтары тегін алып жатыр,  деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Екі күн ішінде - 5-6 мамырда Жеңіс символын 20 мыңға жуық адам алып үлгерді. 

"Меніңше,  бұл өте дұрыс әрі қажет іс-шара,  әсіресе балалар үшін. Қазір олар менен бұл ленталарды не үшін беріп жатқанын сұрауы мүмкін. Мен оларға Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесі қарсаңында осылай жасайтынын айтып түсіндірем. Аталарымыздың жасаған ерлігі туралы тарихты айтып беремін", - дейді Бәйтерек монументінің жанынан лента алған Айдос Шадияров. 

9 мамырға дейін астана тұрғындары мен қонақтарына жүз мыңға жуық Жеңіс лентасын таратып шығады. Символды 3 жерден алуға болады: "Бәйтерек" монументі алаңының жанынан,  Студенттер саябағынан және Хан Шатыр ОСО  алдынан. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар лентаны 9 мамырда өтетін барлық үлкен іс-шараларда ба берілетінін айтуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу