Астанада 11 айлық нәрестенің өліміне қатысты тергеу аяқталды

976

11 айлық баланың анасы әлеуметтік желілер арқылы дәрігерлердің салғырттық танытқандығын мәлімдеген болатын.

Астанада 11 айлық нәрестенің өліміне қатысты тергеу аяқталды

Көптеген даму ақаулары бар 11 айлық қыздың өлім жағдайы бойынша тексеру аяқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

Орын алған оқыс оқиғаға қатысты тергеу нәтижесімен аталған мекеменің басшысы Садвақас Байғабылов таныстырды.

"Тергеу аяқталды, кешенді сараптау жүргізілді және стационарлардағы медициналық қызмет көрсетудің барлық кезеңінде дәрігерлердің әрекетіне баға берілді", – деді Садвақас Байғабылов.

Оның айтуынша, тексеріс медициналық қызметті көрсету тактикасы және емдік іс-шара жүргізу емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді.

"Қыздың өліміне негіз болған жүрек-қан тамыры, өкпе және орталық-жүйке жүйесі тарапынан туғаннан пайда болған ақаулары себеп болды", – деді ол.

Айта кетсек, 11 айлық баланың анасы әлеуметтік желілер арқылы дәрігерлердің салғырттық танытқандығын мәлімдеген болатын.

Өкінішке қарай, нәресте көп ұзамай жүрек ақау мен гангренадан қайтыс болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу