Астанада 11 мектеп үш ауысыммен оқытуға мәжбүр

851

Астанада 11 мектеп үш ауысыммен оқытуға мәжбүр

Биылғы оқу жылында тегін ыстық тамақпен қамтылған 1-4 сынып оқушыларының саны 70 мыңды құрайды. Олардың 1,5 мыңы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Тағы бір өзекті мәселе, қалада 11 мектеп үш ауысыммен оқытуға мәжбүр.

Бұл орта есеппен алғанда жыл сайын оқушылардың саны 13 мың балаға артып отыруымен байланысты. Аталған мәселені шешу үшін 2600 орынға арналған 5 жапсарлас құрылыс аяқталды, 11 мың орынға арналған 10 жаңа мектептің құрылысы басталды. 

Қысқасы, алдағы төрт жылда 37 мектеп пен 10 жапсарлас құрылыстың жобасы мен учаскелер республикалық бюджет пен жекеменшік инвесторлардың есебінен салынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу